Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон жетістігін қайталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: Елена Рыбакинаның instagram парақшасынан
Кеше Рыбакина бразилиялық Беатрис Аддад-Майяны жеңген болатын. Бірінші сетте Елена 4:1 есебімен жеңіп жатқанда бразилиялық теннисші жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартқан.
OptaAce мәліметінше, Рыбакина Уимблдон жекелей сынындағы алғашқы 15 матчының 14-інде жеңіске жеткен. Мұндай жетістікті «оупен» дәуірінде екі теннисші ғана жасаған — америкалық аңызға айналған Билли Джин Кинг және ресейлік Мария Шарапова.
Елена Рыбакина Уимблдон ширек финалында тунистік Онс Жабермен кездеседі. Уимблдон ширек финалындағы жұптарды мына сілтеме арқылы көре аласыздар.