Сабақ үстінде оқушы мен мұғалімге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.
Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтер сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды", - делінген бұйрықта.
Бұйрық 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.