9.02.2023, 9:45
Оқылды: 49

Сәбиін саудаға салған

Атырау қаласында 32 жастағы әйел баласын сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

акша жп 2

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 32 жастағы әйел Батыс Қазақстан облысынан келген. Күдікті кішкентай нәрестесін сатып алатын адам іздеген. Ал әкесіне баланың қайтыс болғанын айтқан. Сөйтіп бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынған адамға баласын ұстатып жіберген.

«Қазір күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу жүруде. Күдікті әйел мен баласына сот-биологиялық сараптама тағайындалды.

Бала сатуға байланысты куәгерлерден жауап алынды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға  жатпайды.

 

Н. Ғаппар,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале