"Ақ бидай" ауыл спорты ойындарында "Дәстүрлі садақ" ату жарысының "Қалқан" нысанасында облыс атынан сынға түскен Сырлыбай Ғалымжанов сәтті өнер көрсетті.

Нысананы 50 метр жерден көздеген Сырлыбай күміс жүлде иегері атанды. Әр мүмкіндігін дәл тигізуге тырысқан облыс мергені 37 ұпай жинады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz
Фото: Мейірбек Тажқұранов