29.05.2024, 16:45
Оқылды: 50

Сайлау науқанына арналған практикалық семинар өтті

Бүгін 2 маусымда өтетін Орал қаласы Деркөл кенті әкімі сайлауына дайындықты пысықтауға бағытталған семинар өтті.

IMG-20240529-WA0156

Семинарға БҚО аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арман Жиенғалиев, хатшысы Жасұлан Нұрғожин, комиссия мүшесі Магрипа Нигишева, Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы және кенттегі учаскелік сайлау комиссиялары толық құрамда қатысты.

IMG-20240529-WA0158

Басқосуда төраға орынбасары Арман Қуанғалиұлы сөз алып, науқанның барынша ашық, шынайы әрі сапалы өтуін басты назарға алу керектігін айтты.

IMG-20240529-WA0157

Мұнан соң Деркөл кентінде орналасқан №515, №516, №522 сайлау учаскелері мүшелері іскерлік ойындар арқылы сайлау күнінің өтуінен көрініс көрсетті.
Семинардың бұл бөлімінде учаскелік сайлау комиссиясының сайлау күні жиналуы, байқаушылар мен БАҚ өкілдерін, кандидаттардың сенімді өкілдерін тіркеу, сайлау бюллетеньдерін алу және комиссия мүшелеріне үйлестіру, сайлауды өткізу және қорытындылау жұмысы көрініс түрінде көрсетілді.
Семинарға қатысқан облыстық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері іскерлік ойындар барысына баға беріп, кеткен кемшіліктерді талқыға салып, жіберілген олқылықтар туралы ойларын білдірді.

7edacf9e-52e4-4e6a-a46c-91657a127a60

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале