6.12.2024, 15:00
Оқылды: 335

Сәкен Бибосынов жартылай финалға шыға алмай қалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келі) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

IMG_4308

Сурет: Olympic.kz

Бибосынов турнир аясында алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бастаған еді. Алайда ол жарысты жалғастыра алмады. Асылбек Жәлілов төрешілердің шешімімен жеңісті суырып алды.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні, 48 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале