27.11.2023, 10:45
Оқылды: 12

«Saken CUP» облыстық турнирі: үздіктер кімдер?

Сәкен мектебінің ашылғанына 100 жыл мерейтойына орай жасөспірім ұлдар арасында стритбол атты спорт түрінен «Saken CUP» облыстық турнирі ұйымдастырылды. 

IMG_20231127_104356_838

Мектептің ғасырлық мерейтойы қарсаңында спортшылардың шеберлігін шыңдау, жас спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген облыстық турнирге барлығы 66 команда қатысты.

IMG_20231127_104359_573

Осындай ауқымды спорт шарасының жоғары деңгейде өтуіне қаржылай және ұйымдастырушылық тұрғыдан демеушілік көрсеткен мектеп-лицей-интернат түлектері Азат Жұмағұлов, облыстық баскетбол және стритбол федерациясының атқарушы директоры, облыстық баскетбол құрама командасының аға жаттықтырушысы Досым Қуанаев, 2012 және 2013 жылғы мектеп түлектеріне, “Gamma” футбол дүкені мен “Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебі" мемлекеттік мекемесіне мектеп басшылығы зор алғысы мен ризашылығын білдірді.

IMG_20231127_104407_136

Мектеп-лицей-интернаты директоры Аягөз Хамзина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Суханова турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, мектеп-лицей-интернаты түлектеріне алғысын білдірді.

IMG_20231127_104412_829

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Ыбырай Үбішев пен Сұңғат Хасанов екі күн бойы турнирдің өту барысында аянбай еңбек етіп, өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсе білді.

12, 14, 16 және 23 жас категориялары бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылар үлкен ұйымшылдықпен қатысып, тартысты ойын көрсетті. Спорттық турнир нәтижесінде U-12 категориясы бойынша «БҚО Арланс» командасы, U-14 категориясы бойынша «51*51-1» спорт клубы, U-16 категориясында «БҚО Арланс» командасы, U-23 категориясы бойынша БҚАТУ командасы турнир жеңімпазы атанды.

Турнирдің көрігін қыздырып, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленген үздік ойыншылар Ғылым Еділхан (“Saken team”), Амангелді Даниял (“БҚО Арланс” командасы), Жомарт Ерасыл (51*51 спорт клубы) және Абдул-Малик Эльжуркаев (Джуниорс спорт клубы) дипломдармен марапатталды.

 

Ербол Айтбайұлы,

Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы

                         №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-

                         интернатының тәрбиешісі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале