20.07.2021, 11:52
Оқылды: 40

Сақтансаң, сақтайды!

...Өзге емханаларды қайдам, айналасына өндірістік кәсіпорындар шоғырланған Оралдағы №2 қалалық емхананың тірлігі тым ерте басталатындай көрінді. Таңертеңгі сағат тоғызға таман төрт қабатты ғимараттың ауласындағы ағаш көлеңкесінде уһілеп тұрған жүкті келіншекті көріп, аман-саулықтан соң әңгімеге тарттым. «Ертемен дәрігерге қаралып келесіз бе? Гинекологқа кісі аз ба?» – дедім. «Жүктілікке байланысты есепте тұрамын, дәрігерім Сабырова сағат 9.00 болмай жатып, ерте қабылдады. Талонмен кіреміз, соншалықты кісі көп деп айта алмаймын. Кейде дертіне дауа іздеп келушілер толып тұратыны бар», – деді Зылиха есімді жас ана.

9E75CD36-3D3E-4521-AD5E-2B508FD50493

Емханаға кіреберістегі кезекші арнайы құрылғымен дене қызуымды өлшеп,  бетпердемді дұрыстап тағуымды ескертті. Дәрігерлердің қабылдауына келушілер кезекпен талон алуда. Осы 1-қабаттағы процедуралық және алдын ала қаралатын кабинеттерге кезек күтіп отырғандар аз емес. Қолдарында талон, айқай-шу естілмейді. Дәрігерлердің қабылдауына жазылатын тіркеу бөліміне кезекке тұрып көріп едім, кезек жылжитын емес. Алдымда төрт-бес адам тұр. Содан жоғары қабаттағы дәліздерді бір сүзіп өттім. Соншалықты ұзын-сонар кезек көрінбейді. Бірақ кезек күтіп отырғандардың көбісі бетпердені көз қылып тағып, мұрындарын ашық қалдырған. Қауіпсіз арақашықтық деген ұғымдар мүлдем естен шығарылған, бір-біріне жақын, алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған  жандарды көргенде: «Тәжтажалды неге ұмытасыздар, сіздер естен шығарғанмен, ол пақырың сіздерді жағалап жүр ғой», - деп айқай салғың-ақ келеді. Бірақ... Бір-екі ер-азаматқа: «Неге бетпердені дұрыс тақпайсыздар? Ауру жұғады деп қорықпайсыздар ма?» - деп күле сұрап едім, екеуі қосарлана: «Демала алмаймыз, қайтесіз. Сіз кімсіз өзі бізді тексеретін? Каждый суслик - агроном» - деп мені жаратыңқырамай, біраз сөйлеп қалды. Жас емес, жасамыс емес, ел ағасы жасына жеткен ер адамдардың мына жауаптары мен қылықтары бұқараның әлі де жауапкершілікті сезінбейтіндігін аймандай қылады.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 20 шілдедегі  №58 санынан оқи аласыздар.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале