Мемлекеттік басқарудың «Сервистік және адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру мақсатындағы бекітілген қадамдық жоспарды орындау аясында «Ең алдымен адамдар» жобасы шеңберінде курс өткізілді.
Курс «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында өтіп, оған 42 мемлекеттік әкімшілік қызметкер қатысты.
Шараның мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің клиентке бағдарлануын және сервистілігін арттыру.
Оқыту бағдарламасы сервисология, сондай-ақ стресске төзім, клиентке бағдарланудың практикалық дағдылары, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалануды қамтыды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысындағы департаменті