11.03.2024, 16:00
Оқылды: 57

Салтанат Нүкенова қайтыс болғаны күні қандай жағдай болды? Прокурор жауап берді

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау барысында айыптаушы тарап Салтанат Нүкенованың қалай және қандай жағдайда өлтірілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

b65c0c5f-d02c-4612-86db-2790fd9ee079

Фото: massaget.kz

Прокурордың айтуынша, бұл күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова Астанада өткен концертте болған. Онда олардың арасында жанжал шыққан. Кейін олар мейрамханаға бірге барған, жанжал сонда жалғасқан. Салтанат Нүкенова Бишімбаевтан кеткісі келетінін айтып ағасына хабарлама жіберген.

Бишімбаев мас күйінде Нукенованың басына қатты соққы берген. Кейін ол әйелді аяғымен тепкілей бастады. Салтанат Нүкенова бөлмелердің біріне тығылмақ болған, бірақ Бишімбаев есікті сындырып, оны қайтадан ұра бастаған.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Нүкенова бірнеше рет есін жиған, бірақ экс-министр оны ұрып-соғуды жалғастырған.

Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды. Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале