26.07.2022, 15:30
Оқылды: 37

Салық құпиясы болып саналатын мәліметтерді қалай алуға болады?

5 шілдеден бастап салық төлеушілер Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталықтарына жүгінген кезде операторлар абонентті Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы сәйкестендіріп, салық құпиясы саналатын мәліметтерді ұсына бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

37dd009d10b7405792ccb2587a3db521

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәлімет бойынша, Байланыс орталығына 149 салық төлеуші қоңырау шалып, жеке басын сәйкестендіру арқылы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді алған.

Ең көп қоңырау шалғандар Нұр-Сұлтан қаласынан (39) және Ақтөбе облысынан (17).

-Абонентті сәйкестендіру үшін оператор салық төлеушінің ұялы телефонына тексеру кодын жібереді. Тексеру коды мен абоненттің ұялы телефон нөмірі сәйкес келген жағдайда, оператор жылжымайтын мүлік мекен-жайы, көлік құралының VIN-коды және қозғалтқыш көлемі, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы және т. б. ақпаратты ұсынады, -деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Заңды тұлғалардың мәліметтері бойынша ақпарат беру басшы, бюджетпен жұмыс жөніндегі жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы өтініш жасаған жағдайда, МКК ақпараттық жүйелерінде осындай тұлғалар бойынша деректер болған кезде ғана жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың басшыларына қосылған құн салығын төлеушітерінде тіркелуі туралы ақпарат, кәсіпкерліктің қай субъектісіне жататыны, құрылтайшылары, ОКЭД кодтары туралы және т.б. ақпарат ұсынылуы мүмкін.

Комитет өкілдерінің айтуынша, жеке басын сәйкестендіру үшін мобильді азаматтар деректер қорында тіркелген мобильді телефондар нөмірлері қолданылатынын ескеру қажет.

Мобильді азаматтар деректер қорында тіркелуді egov.kz порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) хабарласып жасауға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале