Мемлекеттік қызметтердің 99 пайызы салық төлеушілерге электронды түрде қолжетімді, сондықтан Мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сурет: gov.kz
Бұл туралы ӨКҚ алаңындағы брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әлімова мәлімдеді.
Сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі - "салық есептілігін кері қайтарып алу" болып саналады. Осы жылдың 5 айында бұл қызмет 49 364 рет, барлығы электрондық түрде көрсетілді. Осы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 13-қосымшада айқындалған, - деді Айгүл Әлімова.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің екі тәсілі бар: біріншісі – көрсетілетін қызметті беруші және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы; екіншісі – «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталындағы салық төлеуші кабинеті арқылы.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды ұсынғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде тегін көрсетіледі.