8.01.2025, 9:15
Оқылды: 245

Самара маңындағы апаттан кейін зардап шеккен отандастарымызды қазақстандық дәрігерлер оралға алып кетті

«Самара – Большая Черниговка» тас жолында (РФ Самара облысы) автомобиль апатынан зардап шеккен Қазақстанның алты азаматы, оның ішінде екі бала 6 бірлік санитариялық автокөліктің көмегімен Орал медициналық мекемелеріне тасымалданды. Тағы бір зардап шеккен отандасты ТЖ департаментінің бригадасы жеткізді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Телеграм каналы жазды.5469636355081495263

Ресей аумағында қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған ЖКО туралы хабардан кейін оқиға орнына шұғыл түрде алты жедел жәрдем бригадасы жолға шықты.

5469636355081495262 (1)

Сурет: telegram.org

Зақымдар мен жарақаттардың ауырлығын ескере отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін бригадалардың құрамында балалар мен ересектер травматологтары, хирургтар, нейрохирург, реаниматолог, 6 фельдшер болды.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

Зардап шеккен 5 ересек адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына, 2 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына емдеуге жатқызылды, онда оларға медициналық көмектің толық көлемі көрсетіледі.
Бригадалардың тасымалдауы барысында пациенттердің жай-күйінің нашарлауына жол берілген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале