12.11.2024, 11:34
Оқылды: 352

Самарқандта Қазақстанның көрнекті тұлғаларына арналған «Алаштың асыл арысы» атты бірегей фотокөрме ашылды

"Самарқанд қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Алаштың асыл арысы» атты бірегей фотокөрме ашылды. Көрме Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени бірегейлігінің қалыптасуына негіз болған ұлы тұлғаларға арналған", - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

f1c7d7cccbdb56ce3ca626b9c72f9a9a_1280x720

Фото: www.gov.kz

Келушілер Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Тынышбаев және тағы басқа көрнекті қайраткерлердің өмірі мен қызметін баяндайтын сирек архивтік фотосуреттер мен фотоқұжаттарды тамашалай алады. Бұл тұлғалар тарихта қалуымен қатар, болашақ Қазақстанның негізін қалаушылар, оның ұлттық мәдениеті және мемлекеттілігін қалыптастырушылар болды.

42488f306f120070477bc9256049fd07_1280x720

Көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосады және Орталық Азияның жетекші музейлері арасында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын алаңға айналды.

Көрме 15 қарашаға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале