Құрметті батысқазақстандықтар!
Барлығыңызды халық санағына белсенді қатысуға шақырамыз, өйткені, бұл науқан азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді.
Санақ нәтижесі экономикалық және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін қажет, яғни құрылыс және баспаналарды бөлу, білім, денсаулық сақтау салаларына тікелей әсер етеді. Халық санағы жұмыс орындары туралы мен бизнес өкілдеріне тұтынушылар туралы соңғы мәлімет береді. Яғни санаққа қатысқан әрбір тұрғын мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жоспарлауға салмақты үлес қосады.
Санақ аяқталғанға дейін аз ғана уақыт қалды, бірақ санақ қызметкерлері өз жұмысында күн сайын қиындықтарға тап болуда: кейде кейбір тұрғындар есік ашпайды, онлайн санақ туралы хабарлама нөмірлерін бермейді немесе сұхбат беруден бас тартады.
Сондықтан өңіріміздің әрбір тұрғынын санақ жұмыстарын онлайн режимінде өтуге немесе санақ қызметкерлерінің қызметін пайдалануға шақырамыз! Санақтан арнайы сайт арқылы sanaq.gov.kz онлайн өтуге де болатынын хабарлаймыз.