Тасқала ауылындағы №333 сайлау учаскесіне «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздары Сансызбаевтар әулеті келді. Үлкендері бастап дауыс беріп, келуші жұртқа үлгі көрсеткендей. Әулеттің үлкені Ксения Сансызбаева келіні Айнагүл Дәкішева мен үш немересін ертіп келген. Олар 2023 жылы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық жеңімпазы атанып, облыстық кезеңде «Үздік отбасы» аталымына ие болған.
– Бірінші кезекте аудандағы ағайынның ынтымақ пен татулықты ту етіп, жақсы тұрмыс кешіп жатқанына қуанамыз. Ел іші ырыс-несібеге толсын! Ал енді аудан тұрғындарының игілігіне адал қызмет ететін адамды таңдау мен қажет уақытында қолдау білдіру – ортақ міндет. Осы ретте сайлауға әулетімізбен келген жайымыз бар. Бұл әрекетіміз бір жағынан енді-енді есі кіріп, жан-жағын танып келе жатқан немерелерімізге өнеге болар деген ойдамыз, – деді 78 жастағы Ксения Төлеуқызы.
Ол – бүгінде төрт ұлынан 12 немере, төрт шөбере сүйіп ортыған ардақты әже.
Төрт баласы түрлі салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Айналасына сыйлы ардақты әжеміз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөледі. Сол себепті кейінгі ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында осындай маңызды науқандардан тыс қалған емес.
Аманжол Исламғали,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz