8.09.2025, 10:30
Оқылды: 150

Сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі: педагогтер оқулықтарды сараптауға шақырылады

"ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды сараптау саласында жұмыс істеу үшін педагог-сарапшыларды іріктеудің жаңа кезеңі басталғанын хабарлайды. Барлық рәсімдер онлайн форматта E-EXPERT.GOV.KZ платформасында өткізіледі. Бұл үміткерлерге елдің кез келген өңірінен қатысуға тең мүмкіндік береді", - деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

_gluster_2025_9_8_2b4e91ec489f1555a04a2d3f03ea0855_1280x720

Фото: www.gov.kz

Бүгінде орталықтың базасында оқыту мен байқау кезеңдерінен жаңа формат бойынша сәтті өткен 400-ден астам сарапшы тіркелген.

E-EXPERT.GOV.KZ платформасы құжаттарды тексеруден бастап тестілеу, әңгімелесу, эссе жазу, модульдік оқыту және қорытынды сертификаттауға дейінгі негізгі үдерістерді автоматтандырды.

«Платформаны енгізу — іріктеу үдерісін барынша ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік берді. Бүгінде біз сарапшылар қауымдастығын тиімді қалыптастырып, педагогтерді іріктеу сапасын қамтамасыз етіп отырмыз», — деп атап өтті орталық директоры Назира Абдрахманова.

Орталық еліміздің барлық өңіріндегі педагогтерді байқау іріктеуіне қатысып, Қазақстандағы орта білім сапасын қалыптастыратын кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болуға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале