10.04.2023, 13:00
Оқылды: 67

Сарбаздармен ерлік сабағы өтті

Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінің сарбаздарымен, 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасының ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алуға арналған кешенді шаралар аясында ерлік сабағы өткізілді.

1827c241-5327-4081-9762-914a25c1dd62

Кездесуге тәжік – ауған ардагерлері, қақтығысқа қатысушы Манарбек Амиргалиев, Мейрлан Нурканов, және Абат Дюсембиев қатысты.
Өткізілген ерлік сабағының мақсаты – жат жерде көз жұмған Ішкі әскердің жауынгерлерін еске алып, жастарға олардың ерліктері туралы жеткізіп, жастарға патриоттық тәрбие беру еді.
Ерлік сабағы барысында ардагерлер әскер қатарында жүрген кездеріндегі бастарынан өткен оқиғалар туралы айтып, сарбаздар мен ортақ тақырыпба әңгіме өрбітіп, жас жауынгерлердің бойына патриоттық рух сыйлап, өздерінің ақыл кеңестерімен бөлісті.

4f4d39f4-d066-4254-9862-ff5b7b33a0fc

Айта кетейік, Кеңес Социалистік Республикалар Одағы тараған уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды. Ауғанстаннан тәжік-ауған шекарасы арқылы бұрынғы кеңес республикаларына контрабанда, есірткі және қару тасымалданып, экстремизм насихаттала бастады.  Осының барлығы қылмыстың өсуіне, экстремистік ойдың пайда болуына және есірткеге тәуелді халық санының өсуіне алып келді.

Осы орайда, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 15 сәуірдегі «ТМД-ның тәжік-ауған учаскесіндегі сыртқы шекарасын қорғауды күшейту туралы» қаулысына сәйкес, Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның жауынгерлері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты.
1995 жылдың 7 сәуірі – тәжік-ауған шекарасын күзеткен қазақстандық сарбаздар үшін қаралы күн орнады. Сол күні Пшихавр шатқалы арқылы Пяндж өзенін бойлап алып келе жатқан жүк легі Ауғанстан жағынан моджахедтердің жаудырған оғына тап болды.

Шабуылды тойтарғанымен күші басым қарсыластармен ұрыс кезінде қазақстандық батальонның құрамындағы 17 сарбаз қаза тауып, 33-і түрлі деңгейде жарақат алды.

Ертуған Әубакир,

капитан,

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале