3.05.2024, 9:17
Оқылды: 40

Сәтбаев университетінің жас ғалымдары нанопленкалар жасаудың жаңа әдістерін әзірлеп жатыр

"Сәтбаев университеті жанындағы физика-техникалық институтының бір топ жас ғалымдары қалайы диоксиді негізінде наноөлшемді наноқұрылымды пленкаларды синтездеудің отандық әдісін әзірлеу үстінде. Зерттеу нәтижелері заманауи технологияларда ауқымды түрде қолданыла отырып, инновациялық материалдар өндірісін бір қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді", - денп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

fca011b7ca0375f1dd938ed8bad6c21c_1280x720

Фото: www.gov.kz

Жаңа золь-гель технологиясын қолдану ғалымдарға материалдар бөлшектерінің өлшемін және құрылымын бақылауға мүмкіндік берді, яғни салыстырмалы түрде аз шығындармен пленка жабындарына әртүрлі қасиеттер бере алады, әрі олардың функционалдық сипаттамаларын жақсартып, қолданылу аясын кеңейтеді.

«Бұл жобаның нәтижелері Қазақстанда газ датчиктерін, отын жасушаларының мембраналарын, коррозияға және мұздануға қарсы жабындарды, сенсорлық экрандар мен күн панельдерін өндіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті жоба жетекшісі, PhD доктор, Сәтбаев университеті физика-техникалық институтының аға ғылыми қызметкері Екатерина Бондарь.

Мұндай пленкамен қапталған терезе әйнегі жарық түсу деңгейіне байланысты өзінің өткізу қабілетін өзгерте алады, әсіресе бұл «ақылды үйлер» құрылысында кеңінен қолданылады. Жас ғалымдар ұсынып отырған ғылыми әзірлеме өндіріс экологиясының жақсарып, өзіндік құнының төмен болуымен ерекшеленеді.

Наноөлшемді наноқұрылымды пленка бөлшектерден немесе құрылымдардан тұрады, олардың өлшемдері бірнеше жүз нанометрден бірнеше ондаған нанометрге дейін (бір нанометр бір метрдің миллиардтан бір бөлшегіне тең) болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале