18.03.2022, 15:30
Оқылды: 63

Сауда министрлігі Wildberries-ке қатысты жағдайды түсіндірді

Танымал Wildberries сауда алаңы Қазақстандағы сервистен шыққан ақауды жоюмен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IMG-20220318-WA0034

14 наурызда Wildberries Интернет-дүкенінің жұмысында техникалық ақаулар байқалған.

"Компания сол күні негізгі функционалын қалпына келтірді, компанияның АТ-мамандары ақауларды жою бойынша жұмысты жалғастырып жатыр: 17 наурызға қарай олардың саны 40 есе азайды", - делінген хабарламада.

Wildberries кейбір бөлімдер істен шығуы мүмкін екенін ескертті. Оның ішінде ағымдағы тапсырыстар көрсетілмейді.

"Барлық тапсырыс міндетті түрде сатып алушыларға жеткізіледі. Егер тапсырысты алуға арналған код сатып алушының қосымшасында немесе сайтта көрсетілмесе, онда тауарды беру пунктінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып алуға болады", - делінген хабарламада.

Компания дербес және қаржылық ақпарат, оның ішінде банк карталарының деректері зардап шекпегенін және қауіпсіз қоймада екенін хабарлады.

Беру пункттері немесе курьерлік қызмет арқылы тиісті сападағы тауарларды қайтару мерзімі ұзартылды. Бұдан басқа, тапсырыстарды беру пункттерінде тауарларды сақтау мерзімі автоматты түрде ұлғайтылды.

Ақауларды түзету күйін жедел бақылау және Wildberries-тен кері байланыс алу үшін сатып алушыларға арналған телеграм-арнасы құрылды.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале