29.04.2020, 9:15
Оқылды: 39

Сәуір айында елімізде 7 бала терезеден құлаған

Қазақстанда жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

8B32EFD3-E8BA-47B2-9406-510B8C1C932E

Елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілген. Карантин кезінде көп бала үйде отыр. Бұл кезде олардың ата-анасы қауіпсіздік шараларын ұмытпауы тиіс. Бала үшін үйдегі қауіптің бірі – ашық терезе. Осылайша, 1-28 сәуір аралығында республикада көпқабатты үйлердің терезесінен 7 бала құлаған. 2-8 жас аралығындағы 5 бала ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғалар Қарағанды (3), Павлодар (1), Жамбыл облыстары (1) мен Нұр-Сұлтан қаласында (2) болған. Жыл басынан бері көпқабатты үйдің терезесінен 13 бала құлады. Бұл оқиғалар Қарағанды облысы (3), Нұр-Сұлтан қаласы (3), Павлодар облысы (3), Алматы қаласы (2), Батыс Қазақстан облысы (1), Ақтөбе облысы (1) және Жамбыл облысында (1) орын алған

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале