7.10.2022, 14:46
Оқылды: 70

Сахна мәдениетін бұзған әртістерге 6 миллион теңгеге дейінгі айыппұл салу енгізіледі

Қазақстанда әртістердің сахнадағы өзін ұстау мәдениеті туралы мәселе қаралуда. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

13

Министрдің орынбасары әншілердің сахна мәдениетіне қатысты пікір білдірді.

"2020 жылы мәдениет туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Заңнамаға сәйкес, концерттер мен  мәдени іс-шараларға қатысты нормалар көзделді. Әртіс өзін көрермендердің алдында дұрыс әрі лайықты ұстауы керек. Сонымен қатар фонограммаға қойылатын талаптар бар. Егер әнші фонограммамен өнер көрсететін болса, ол бұл туралы ескертуі керек. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ешқандай жаза немесе айыппұл қарастырылмаған", – деді Сейітова.

Оның айтуынша, қазір сахнадағы әртістердің мінез-құлық мәдениеті туралы мәселе зерттелуде. Заңды және жеке тұлғаларға қатысты 150-ден 2000 АЕК-ке (459 450 теңгеден 6 126 000 теңгеге) дейін айыппұл көзделеді.  Бірақ бұл әлі енгізілген жоқ, шаралар қарастырылуда. Мәселе әртістермен және концерт ұйымдастырушыларымен талқыланады. Мұндай түзетулер жақын арада енгізіледі деп үміттенеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале