16.10.2018, 18:41
Оқылды: 19

Саян Ахметжанов: «Оралдан барлық қызмет көрсету түрінің ашықтығын байқадық»

Астана қаласынан арнайы келіп, Зашаған кентіндегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысқан .ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов осылай деді.

 spetccon– Орал өңіріне Елбасының жаңа жолдауын насихаттау тобының мүшесі ретінде келдік. Жүргізушілерге қызмет көрсетудің сапасын анықтау мақсатында жаңадан ашылған орталыққа табан тіреген едік. Кабинеттердің қабырғалары шыныдан жасалғандықтан, барлық қызмет көрсету түрінің ашықтығын байқадық. Сыбайлас жемқорлыққа және заңбұзушылыққа жол берілмейтіндігіне де көз жеткіздік, – дейді Саян Қылышұлы.

Аталған орталық үлкен көлемдегі жұмысты жеңілдетіп, жүйелендіру үшін осыдан төрт ай бұрын ашылған болатын. Мұнда автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мамандандырылған ХҚКО қызмет түрлерін жылдам әрі ыңғайлы уақытта рәсімдеп алуға мүмкіндік береді Мамандандырылған бөлім басшысы Луиза Құсайынованың мәліметіне сүйенсек, 1500-ге жуық тұрғын мамандарға түрлі сұрақтармен жолығады екен. Осыған дейін орталықта 304 мемлекеттіқ қызмет көрсетілген. Мұнда жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы медициналық тексеруден өтуге болады. Сонымен қатар куәлік алуға ынталылар сынақты осы жерден тапсырады.

spetccon (1)

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале