17.02.2023, 23:41
Оқылды: 47

Саяси дода заң шеңберінде жүргізілуі тиіс

Сайлаудың күнтізбесіне сәйкес 18 ақпан күні, кешкі сағат 18:00-ден бастап елде сайлауалды үгіт басталады. Саяси дода заң шеңберінде жүргізілуі керек. Әсіресе БАҚ пен әлеуметтік желідегі үгіттің биыл өзгешеліктері бар.

WhatsApp Image 2023-02-17 at 21.26.46 (2)
Сондықтан бүгін БҚО аумақтық сайлау комиссиясы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарына онлайн семинар ұйымдастырды. Оған облыс орталығындағы және аудандардағы БАҚ жетекшілері, журналистер қатысты. «Сайлау процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудің ұлттық заңнамадағы құқықтық қағидаттары бұлжымауы қажет» деді кіріспе сөзінде БҚО аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.

WhatsApp Image 2023-02-17 at 21.26.46 (1)
Комиссия мүшесі Асыланбек Губашев БАҚ және онлайн платформалар арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларымен таныстырды.

WhatsApp Image 2023-02-17 at 21.26.46

Сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін 5 күн бұрын БАҚ-ы төлем мөлшері, эфир уақыты мен баспа алаңын беру шарттары, ақпарат көлемі туралы ақпаратты жариялауға тиісті. Бұл хабарламаны заңмен белгілеген мерзімде жарияламаған және оны тиісті сайлау комиссияларында тіркемеген БАҚ-на кандидаттардың және саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауға тыйым салынады. (Тіркелген БАҚ тізімімен кандидаттар мен саяси партия өкілдері осы сілтеме арқылы өтіп таныса алады

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=kk&parentId=22542 https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=ru&parentId=22532 )https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=kk&parentId=22542 https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=ru&parentId=22532 )https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=kk&parentId=22542 https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=ru&parentId=22532 )https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=kk&parentId=22542 https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/22559?lang=ru&parentId=22532 )

БҚО прокурорының көмекшісі Артур Шоқпанов журналистер қауымын сайлау заңнамасын қатаң сақтап, кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, іскерлік беделіне көпе-көрнеу нұқсан келтірмеуге шақырды. Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Ғалиев сайлауалды үгіт кезіндегі мониторинг қалай жүргізілетінін айтып берді. Ол кандидаттар мен саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қол жеткізуінің маңызына тоқталды.
Онлайн-семинар барысында журналистер өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алды.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале