30.09.2022, 13:00
Оқылды: 46

Саяси тұғырнаманың жасақталуына батысқазақстандықтар үлесін қосты

Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Конференцияда «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХIХ конференциясын партияның облыстық филиалдың Атқарушы хатшысы, облыстық фракция жетекшісі Мұрат Мұқаев төрағалық етті. Конференциясының өкілеттілік нормасына сәйкес, конференцияға 105 делегат сайланып, 103 делегат қатысты.

1

Кезектен тыс ХХІХ конференциясының күн тәртібінде:

  1. «AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы;
  2. «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХXIV Съезіне делегаттарды сайлау туралы мәселелер көтерілді.

2

«AMANAT» партиясының жаңа Саяси тұғырнамасы ағымдағы жылдың наурыз айында басталған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады.

Тұғырнамада Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасы, даму бағдарлары, ұстанымдары мен саяси мақсаттары қамтылған. Тұғырнама елімізде болып жатқан өзгерістерге «AMANAT» партиясының жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжат.

6

Саяси тұғырнама партия мүшелері, депутаттар, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып бірлесе талқылаған пікірталастың нәтижесінде пайда болды. Барлық аудандық филиалдардан ұсыныстар жинау және әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы әр партия мүшесіне құжатқа қатысты өз пікірін айтуға мүмкіндік берілді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша 217 бастауыш партия ұйымдарының өткізген жиналыстарына барлығы 22128 партия мүшелері қатысып, Партияның Саяси Платформасының жобасын талқылады.

7

Аумақтық филиалдардың 700-ден астам делегат кезектен тыс конференцияларында да талқылап ұсыныстарды жолдады.

Ендігі кезекте барша партияластар болып, Саяси тұғырнаманың жасақталуы барысында батысқазақстандық партияластардың ұсыныстардың тең жартысы енгізілген. "Басты құжатты" айқындап, әрі қарай жұмыла қызмет атқаруымыз керек.

AMANAT партиясы

Батыс Қазақстан облыстық филиалының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале