2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

Сурет: pixabay.com
➤ нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді
➤ Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды
➤ Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді
➤ ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді