9.12.2022, 12:15
Оқылды: 183

Семей полигонынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өткенде ғана Абай облысының халқымен кездесті, деп жазады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі сайты. 

35f4605e6e83ad1e9f4c455e5bd64603_1280x720

Суреттер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі сайтынан

Қойылған сұрақтардың 90%-ы экологияға зиянын тигізген Семей ядролық сынақ полигоны, тұрғылықты халықтың денсаулығы, әлеуметтік төлемдер және тағы басқалары қатысты.

b218d1efd290799b47cd58bbe0899956_1280x720

Экология министрі осы байланыста Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Т.Б., Энергетика министрі Ақшолақов Б.О., ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Милютин А.А., Денсаулық сақтау вице-министрі Сұлтанғазиев Т.С., Абай облысының «Комитет полигон-21» қоғамдық бірлестігінің бастамашыл тобы қатысуымен жиналыс өткізіп, мәселелерді қарастырды.

Әр ведомствоның, сондай-ақ қоғамдық бірлестік белсенділерінің ұстанымдарын тыңдаған соң, үш облыста (Абай, Қарағанды, Павлодар облыстары) полигонға іргелес аумақ тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын тереңірек талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале