29.12.2021, 12:50
Оқылды: 35

Семейде 30 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген адам анықталды

Семей қаласында 30 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жеке басты куәландыратын құжатсыз тұратын азаматтарды анықтау үшін тұрақты жұмыс жүргізуде. Осы жылдың басынан бері осындай 200-ден астам адам анықталған. Қазіргі уақытта олар Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылып, жеке куәліктерін рәсімдеді.

«Мәселен, Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің өкілдері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 54 жастағы ер адамға жеке куәлік алуға көмектесті. Новосібір облысының тумасы 1989 жылы Семейге көшіп келген. Осында үйленіп, екі баласы дүниеге келген ол әлі күнге дейін қызыл паспортын жеке куәлікке айырбастамаған. Сөйтіп, ер адам 30 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмысқа орналаса алмады», - делінген ақпаратта.

Көші-қон қызметінің мамандары оған Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті. Қазіргі уақытта азамат көптен күткен құжатын қолына алды. Енді ресми түрде жұмысқа орналасып, барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале