Семсерлесуден 22 шілде күні алғаш рет Тбилисиде (Грузия) ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сурет: kazsports.kz
2 жылдан кейін ұйымдастырылып жатқан жаһандық бәсекеге 79 елден 441 спортшы қатысуға ниет білдірді.
Бұған дейін жігіттеріміз 2024 жылы дәл осы Тбилисиде Әлем кубогының кезеңінде қола жүлде алып, өз тарихында бірінші мәрте Париж Олимпиадасының 4 лицензиясын (сапы сайысынан ерлер командасы) алған еді.
Ал 2023 жылғы соңғы әлем чемпионатында Руслан Курбанов жекелей сындағы сапы сайысынан тарихи қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама командасының тізімі:
Сапы (ерлер):
Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов
Сапы (әйелдер):
София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Кайдарова, Каролина Фомина
Қылыш (ерлер):
Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Бақдәулет Құралбекұлы, Жанат Нәбиев
Қылыш (әйелдер):
Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько
Найза (ерлер):
Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семёнов
Найза (әйелдер):
София Ақтаева, Алина Искандерова, Күлжан Түсіпбекова, Алёна Гноева