11.09.2025, 9:07
Оқылды: 126

Семсерлесуден кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды

"Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды", - деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.

1757480955

Фото: olympic.kz

Ауқымды турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медальға қол жеткізді. Барлығы - қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале