27.06.2024, 17:30
Оқылды: 150

Семсерлесуден мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов: «Бұл жеңісті тоғыз жыл күттік»

Семсерлесуден мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Қазақстан командасының шпагадан Азия алтынын тоғыз жыл бойы күткенін айтты, деп хабарлайды Olympic.kz. 

ED456723-25CE-4FAA-B122-F887DFDEB3E6

Фото: Olympic.kz

«Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды болды. Себебі, 2015 жылдан бері осы чемпиондық атақ бұйырмай келген.  Үш рет күміс, бес рет қола алғанбыз. Сондықтан, бұл жетістік бізді ұзақ күттірді. 

Шыны керек, осы маусым біздің команда үшін өте жақсы өтуде.

Азия чемпионатының финалында Жапониядан басым түстік. Жапониялық нояндар қазіргі Олимпиада чемпиондары, Азия ойындарының жеңімпазы. Әлемдік рейтингте үшінші орында тұр. Олар спортта қандай атақ болса, соның бәрін иеленген.

Енді біз әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілеміз. Себебі, Еуропа чемпионатында Венгрия ширек финалға шыға алмай, ұпай жоғалтты», - дейді Байтасов. 

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар қорғауда. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале