26.10.2023, 14:45
Оқылды: 44

Сенат Қазақстан мен Кипр арасындағы құқықтық көмекке қатысты екі заңды мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды Kazinform.

калам

Заңның мақсаты - уағдаласушы мемлекеттердің қылмысқа қарсы күресте тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзуға қатысты рәсімдерде өзара құқықтық көмек көрсету. Бұл тұрғыдағы міндет - 2022 жылғы 20 қазанда Никосияда жасалған Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау.

Шарт іздестіріліп жатқан адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін оларды екі мемлекет арасында экстрадициялау мәселелерін регламенттейді. Адамдарды ұстап беру, ұстап беруді кейінге қалдыру немесе уақытша ұстап беру шарттары мен рәсімі айқындалған. Ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген, ұстап беру туралы сұрау салу және қажетті құжаттар көзделген.

Сонымен қатар, құжатта ұстап беруден бас тарту үшін міндетті және факультативтік негіздер белгіленген.

Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқықтық ынтымақтастығының тиімділігін арттырады және екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Бұдан басқа, құжатты ратификациялаған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді, сондай-ақ қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Мұнымен қоса, Сенаттың жалпы отыроысында «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Шарттың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы құзыретті органдары арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алу және көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеу.

Құқықтық көмек аясында Шарт мынадай процестік әрекеттерді:
- құжаттарды, шақыру қағаздарын және заттарды беру мен табыс етуді;
- адамның жеке басын анықтауды, оның және заттардың тұрған жерін айқындауды;
- бейне байланыс бойынша айғақтарды қоса алғанда, айғақтар мен арыздар алуды;
- тінтуді, тыйым салуды және тәркілеуді жүзеге асыруды;
- құжаттарға немесе заттарға сараптама жүргізуді;
- ақпарат және дәлелдемелер алмасуды қамтиды.

Сондай-ақ, осы Шартта көзделген құқықтық көмектің белгілі бір түрлері сақталмаған жағдайларда, мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оның ұлттық заңнамасына немесе халықаралық міндеттемелеріне қайшы келсе - құқықтық көмек көрсетуден бас тарту ескерілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале