«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы және «Қазақстан Республикасының Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)» заңды ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров таныстырды.
-Заң жобасында биржада сатылатын металдар үшін Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін 50%, басқа қатты пайдалы қазбалар үшін 30% арттыру көзделген. Бұл ретте 2022 жылдың 31 желтоқсанынан кейін өндірісі басталатын жаңа кен орындарын бес жылға дейінгі мерзімге 15% табыс деңгейіне жеткенге дейін Пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату ұсынылады, - деп ҚР Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.
Сонымен қатар салық салынатын табыстың 3% мөлшерінде байланысты резидент емес тұлғалардан сатып алынған материалдық емес қызметтерге шегерімдерді шектеуді де қарастырады.
-Еуразиялық экономикалық комиссия аясындағы келісімді орындау мақсатында темекіге акциз мөлшерлемесін кезең-кезеңімен көтеру ұсынылып отыр. Сонымен қатар темекі өнімдерінің басқа түрлеріне де акциздерді кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемесін темекіге акциз ставкаларының 70%-ы деңгейінде белгілеу, сонымен бірге өлшем бірлігін килограммнан данаға ауыстыру ұсынылады, - деді Әлібек Қуантыров.
Заң жобасында сонымен қатар цифрлық тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және спутниктік байланыс үшін салық салу мәселелерін реттеу туралы нормалар қарастырылған. Сонымен қатар салықтық әкімшілендіру бөлігінде нақтылау нормалары енгізіліп жатыр.