16.02.2023, 16:31
Оқылды: 39

Сенат үшінші елдермен саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы келісімді ратификациялады

Келісім мүше мемлекеттердің үшінші елдермен өзара саудасындағы Одақтың техникалық регламенттері қолданылатын өнімге қатысты техникалық кедергілерді жою тәртібін айқындайды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

 b49c89d1ba438a53ed2301d0927040e3_1280x720

Фото: gov.kz

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, Келісімді қабылдау Одақта және үшінші елдің аумағында белгіленген міндетті талаптардың салыстырмалылығын айқындау негізінде сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тануға жағдай жасайды.

«Келісімде сондай-ақ мүше мемлекеттерде және үшінші елде қолданылатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің баламалылығы қамтамасыз етілуге тиіс екендігі көзделген. Ұсынылған тәсіл өнімді ілгерілетуге бағытталған», - деді вице-премьер.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен үшінші елдер арасындағы шикізаттық емес тауарлардың тауар айналымы 2022 жылға 48,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,5%-ға жоғары.

Сонымен қатар Қазақстаннан үшінші елдерге шикізаттық емес тауарлардың экспорты 2022 жылы 24,8%-ға өсіп, 18,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Өңделген тауарлар бойынша Қазақстанның негізгі экспорттық елдері Қытай, Өзбекстан, Түркия және Нидерланды.

«Алдын ала болжамдар бойынша үшінші елдерге экспорттың үлесі, оның ішінде Келісімнің қабылдауына және оны одан әрі іске асыруға байланысты 10%-ға артуы мүмкін. Келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген, осыған байланысты, оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге алып келмейді», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале