3.02.2022, 11:10
Оқылды: 67

Сенат халықаралық шарттар бойынша құжатты қабылдады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

Құжат халықаралық шарттар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Оны Парламент депутаттары даярлады.

«Жоба 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Заң жобасында «дәйектеу» және «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралды, «қол қою» мен «өкілеттік» ұғымдары нақтыланды.

Осы орайда құжаттың ережесі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары саласындағы құқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале