19.11.2020, 12:48
Оқылды: 49

Сенаторлар адам құқығы негіздерін бастауыш сыныптан оқытуды ұсынды

Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Олардың айтуынша, азаматтардың өз құқықтарын қорғау мәселелерін толық білмеуі құқықтық тетіктерді қолдануға мүмкіндік бермейді.

25D14DE0-AF55-4068-9B18-12BB164007B7

«Жыл сайын балаларға қатысты қылмыс саны көбейіп отыр. Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, биыл елімізде мұндай жағдай 8 пайызға өскен. Оған кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы фактілерді жасырғаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі де себеп болды. Жалпы, 70 пайыздан астам жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды жақын, туыс адамдар жасайтыны алаңдатады», – делінген сенаторлардың депутаттық сауалында. Соған сәйкес олар адам құқықтарының негіздерін жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізуді ұсынды.

«Қазір жоғары сыныптарда «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Оның мазмұны адам құқықтары мен бостандықтарының мәні, оларды қорғау тәсілдеріне емес, адам табиғаты туралы жалпы пайымдаулар төңірегінде ғана жүреді. Қоғамдағы ахуалды ескеріп, аталған пәнді бастауыш сыныптардан бастап оқытқан жөн деп есептейміз», – деді Нұртөре Жүсіп.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале