25.04.2024, 14:30
Оқылды: 41

Сенатта өңірлердің бюджеттік дербестігі мәселесі талқыланды

Сенатта «Өңірлердің бюджеттік дербестігінің деңгейі, тексеру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, - деп жазады экономика министрлігі. 

095d8f395a83cdff013a721316d2e1af_1280x720

Жиынға Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков қатысты. Өз кезегінде вице-министр өңірлердің бюджеттік дербестігін күшейту туралы айтты.  Ол жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі бойынша болжау әдіснамасын жетілдіре отырып, түсім көздерін кеңейту жөнінде кешенді шаралар қамтамасыз етілгенін атап өтті.

a300f892249bbcefdeeeebfa178d9d7d_1280x720

Соңғы жылдары жергілікті салықтардың жиналуы өсті, бұл әкімдердің салық жинауға қызығушылық принципі жұмыс жасайтындығын айқын көрсетуде. Қосымша кірістер алынбайды, олар өңірдің иелігінде қалады. Жалпы өңірлердің орталыққа тәуелділігі біртіндеп төмендеуде. Міндет – бұл пропорцияны мүмкіндігінше азайту, - деді Б.Омарбеков.

Сонымен қатар негізгі игіліктерге теңдей қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді белгілеу және бекіту, бұған қоса бюджетті жоспарлау кезінде өңірлік стандарттар жүйесін қолдану көзделіп отыр.

Өткен жылы оларды іске қосу үшін мемлекеттік органдармен инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым саласындағы нормативтік актілерді тексеруге қатысты жұмыс жүргізілген болатын.

Фото: memleket. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале