Сенатор Андрей Лукин салық төлеу саласындағы проблемаларды көтеріп, Осы орайда ол Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Cенатор келтірген деректер бойынша соңғы жылдары есептелген салық сомасын төлеуден жалтарғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру 5,9% төмендегені және декларациядағы салық сомалары 52,7% төмендегені байқалады. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тартудың бес жылдық мерзімі өткеннен кейін кәсіпкерлерге 4,5 млрд теңге мөлшерінде негізсіз айыппұл салу фактілері орын алған.
Депутат осыған байланысты салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша материалдарды әзірлеу және қарау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар дайындауды ұсынды.
«Анықталған заң бұзу деректері бойынша, оның ішінде қабылданған шешімдерді заңнама талаптарына сәйкес қайта қарау және әкімшілік айыппұлдар бойынша пайда болған берешекті өндіріп алу бойынша түбегейлі шаралар қабылдансын. Мемлекеттік кіріс органдары жіберген ескерту мен айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарламаға шағымдану, наразылық білдіру тетігін көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ӘҚБтК-ге енгізу мәселесін пысықтау Әділет министрлігі мен Қаржы министрлігіне тапсырылсын», - деді Андрей Лукин.