5.01.2021, 9:36
Оқылды: 70

Сенімді өкілдер студенттермен онлайн форматта кездесу өткізді

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына және облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер тұлғалардың сенімді өкілдері онлайн форматта өңірдің белсенді жастармен кездесу өткізді. Облыстық сайлауалды штабының мүшесі, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Аида Маратқызы ұйымдастырған кездесуге облыстағы жоғары оқу орындарынан және колледждерден жүзден астам студент қатысты. Атап айтқанда М. Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, КазИИТУ оқу кешенінің, бірқатар колледждердің жастары онлайн кездесуге белсенді қатысты.

-Мен 35 жыл бойы жоғары білім беру саласында қызмет жасап келем. Осы кезеңдерде қиындық болған жоқ деп айта алмаймын. Бүгінгі таңда елдегі саясаттың, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жастарға жақсы мүмкіндіктер жасалуда. Сонымен қатар еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың сапалы білімі алу үшін де мүмкіндік көп. Еліміз әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену үшін де көптеген игі істер атқаруда. Елбасымыздың бастамасымен оқу орындарының жанынан студент жастарға арналып жатақханалар салынуда. Техникалық мамандықтарға арналған гранттар саны жыл сайын өсіп келеді. Осы игі істердің басы-қасында "Nur Otan" партиясы тұрғандығын естен шығармауымыз керек. Сіздердің қалаған мамандық бойынша білім алып, бақытты өмір сүрулеріңіз де елдегі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың арқасы деп түсініңдер. Осы тұрмыс жалғасып, еліміз дами берсін десек, баршамыз алдағы сайлауға белсенді атсалысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруіміз керек,-деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Серғалиевтің сенімді өкілі, өңірге танымал ұстаз Түймеш Дәрішева.

Басқосуда сөз алған аға буын өкілдері де жастарға елдегі саясат пен сайлау туралы молынан түсінік беріп өтті.

67ccb5e1-f271-4e27-ac04-1b362c9f7672 5239e6b4-4086-4c5b-b214-99a17ceee379 32376e31-93b3-4a9e-a75f-a4d7379da22c

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале