31.01.2022, 9:21
Оқылды: 183

Сенімге ие клиника

Орал қаласындағы 9-шағынауданында «Ақ ниет» қытай клиникасы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Жасыңды ұмыт. Жылға қарап өзіңді бағалама. Терек пен шөптің жұпарын сезін. Көп күл. Жамандық ойлама. Мінезің жібектей болса, қорғаласың. Ол үшін жаның тыныштыққа бөленуі керек. Дені саудың жаны да сау» деген көне қытай нақылын ұстанған «ақниеттіктерге» бүгінгі таңда сенім артқандар аз емес.

B81D330A-3643-4004-9380-5BF1FA8EE51A

Оны клиникадағы емделушілердің ой-пікірлеріне арналған журналдан анық көруге болады. Жалпы, журналда бұл емдеу орнына, ондағы қолы шипалы жандарға арнап жазылған жазба көп. Ресейден, еліміздің өзге өңірлерінен, облыс аудандарынан келген тұрғындар мен оралдықтардың алғыстарын, ізгі тілектерін тебіренбей оқу қиын. Мәселен, Татарстаннан келген Ж. Канашева есімді азаматша біраздан бері басы ауырып, балтыры сыздап, жөнді ұйықтай алмай жүргенін жазған. Қазан қаласындағы, Ресейдің өзге де өңірлеріндегі дәрігерлерге қаралғанымен жөнді ем болмапты. Жол түсіп Оралға келген кезде «Ақ ниет» туралы естіп, арнайы келген. Арқасына салынған ине мен қойылған емдік құтылар (банкылар) жақсы нәтиже берген. Сол себепті бұл клиникаға деген ризашылығы зор.

0F5084F2-89C5-48E1-8304-B7139E6BE0F8

Оралдық Ерлан Алғазиев есімді азамат мұндай клиниканың Оралда ашылғанына қуанышты. Себебі оралдық, тіпті самаралық дәрігерлер ем таба алмай қиналған сәтте оған «ақниеттіктер» жәрдем берген. 2017 жылы бүйрегі ауырып, жарты жыл бойы дене қызуы 37-37,5 градус болып қиналып жүргенде бұл клиника жөнінде естіп, осында келген. Екі ай бойы алынған емнің нәтижесінде қызуы түсіп, бүйрегі жазылып өзін жақсы сезіне бастаған. Ал былтыр басқа бір дертке шалдығып, дәрігерлер бас сүйекке ота жасау керек деп шешкен екен. Ол тағы «Ақ ниетке» жүгініп, шығыс-қытай медицинасына сенім артады. Сол сенімі ақталды. Бүгінде өзін жақсы сезініп жүр. Сәл ауыра қалса, басқа жерге емес, бірден осында келеді.

Жәнібек ауданының тұрғыны Зибаш апай деп өзін таныстырып кеткен емделуші мен шыңғырлаулық Ақбалиева деп жазба қалдырған жандар аталмыш клиникаға дән риза екендерін білдірген. Олар осы жерде түрлі ем-дом шараларын алып, қатарға қосылғандарын айтқан.

Қан қысымының жоғарылығына, жүрек-қан тамырлары ауруына байланысты есепте тұратын Сара Нұрекешева да мұндағы дәрігерлерге аналық алғысын арнаған. Осы ауруға байланысты жүйелі емді ол осы қытай клиникасынан тапқан екен. Ал жетпіс жастағы Сара Жұмағалиеваның бірде қолы көтертпей, тізесі қозғалтпай қалған көрінеді. «Ақ ниеттен» алған емі шипалы болып, жағдайы жақсарғанын жазыпты. Альбина Аманғалиева инемен емделіп, массаж, хиджама алғаннан соң, қан қысымы төмендеп, остеохандроздан сауыққанын баяндаған. Ал процедурадан кейін бұрын ауыр тартып жүретін денесі жеңілдеп сала берген. Осыдан ем алып, өздерін жақсы сезінгендердің қатарында Абрахмановтар әулеті, Жангүл Құмарова да бар.

«Ақ ниет» клиникасы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, соңғы уақытта бағзы заманнан бастау алған дәстүрлі қытай медицинасына үміт артатындар саны көбейіп келе жатқаны аңғарылады. Жалпы, Батыс медицинасымен салыстырғанда оның тәсілдемесінде айырмашылық бар. Мәселен, инемен емдеу адам ағзасына өте жағымды, жұмсақ әсер етеді. Мұндай әдісте химиялық препараттарды қолдану сияқты бір жағынан пайдасы болса, екінші жағынан зиянды әсері болмайды. Физиотерапиялық процедура болып табылатын массаждың да мұнда көптеген түрі қарастырылған. Көбіне емдік-сауықтыру, профилактикалық бағыттағы массаждар жасалады. Сондай-ақ бетке арналған, спорттық массаждар да бар.

Массаж адам ағзасына жағымды әсер етіп, көптеген аурудан жазылуға көмектеседі. Ағзада жиналған түрлі шлактардың шығуына ықпалын тигізеді. Дені сау адамның көңіл күйін жақсартып, өмірлік тонусын арттырады және кейбір аурулардың алдын алады. Массаждың әсерінен ең ұсақ қан тамырлары (капиллярлар) кеңейіп, уқаланатын органға қанның келуі жақсарады. Және массажбен жамбас, иық, шынтақ, омыртқааралық буындардың қозғалыс амплитудасын арттыруға болады, – дейді аталмыш клиниканың массаж жасау маманы Бекқожа Құтқожаұлы.

Айта кетейік, дәстүрлі қытай медицинасы түрлі аурулардың алдын алу мен емдеуге кешенді түрде мән береді. Сол себепті «ақниеттіктер» де ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеуге шақырады. Егер алда-жалда дертке шалдығып жатсаңыз, Орал қаласы, 9-шағынаудандағы Жаңа орда 5/2 мекенжайында орналасқан «Ақ ниет» қытай медициналық орталығының мамандары сіздерге жәрдем көрсетуге дайын.

Досжан Мейірбек,

Орал қаласы

Сертификат №КZ92VBM01103115

19.06.2020 жылы ҚР ДМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетімен берілген

 «Ақ ниет» қытай клиникасы

Диагностика және емдеу

Ине терапиясы

Құты (баночная) терапиясы

Хиджама

Массаж

Мекен жайымыз: Орал қ.

«Жаңа орда» шағ. ауд (9 мкр) 5/2

Ұялы тел. 8-707-875-06-51

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале