19.12.2021, 10:40
Оқылды: 48

Сербияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Сербияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай естелік пошта маркасы шығарылды.

211218120311643e
ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, мерейтойлық шығарылым конверттен және пошта блогынан тұрады.

Конвертте Белградтағы Қалемегдан бекінісінде орналасқан Жеңімпазға ескерткіш және Нұр-Сұлтанда орналасқан еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын «Қазақ Елі» монументі бейнеленген.

Пошта блогында екі елдің астаналары, сондай-ақ Қазақстанның (Үлкен Алматы көлі мен Шарын шатқалы) және Сербияның (Увац өзені мен Джаволь Варош жартастары) әсем көріністері бейнеленген.

2112181024126873g

«Қазақстан Елшілігі бастамашы болған марканың шығарылымын жүзеге асыру кезінде филателия қағидалары мен Сербия почтасының стандарттары ескерілді», - делінген СІМ мәліметінде.

Аталмыш естелік пошта маркасын «Сербия Пошта» ААҚ бас директоры Зоран Джорджевич Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұловқа табыс етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале