19.02.2026, 17:15
Оқылды: 6

Серік Жұманғарин: Отандық өндірісті қолдау күшейе береді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өңірге жұмыс сапары аясында «Стекло-Сервис» ЖШС-ның тыныс-тірлігімен танысты. Тәуелсіздікпен бірге түлеген кәсіпорын шағын шеберханадан әйнек өндіретін ірі зауытқа айналды.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (11)

Серіктестіктің техникалық директоры Әлібек Сапақовтың айтуынша өндіріс орнында 130 адам еңбек етеді. Кәсіпорында өндірілетін әйнек сапалы әрі төзімді. Өнімдер еліміздің барлық облысын айтпағанда шет мемлекеттерге де экспортталады. Компания елімізде бірінші болып қалдық әйнекті автоматты түрде қайта өңдейтін кешенді іске қосқан еді. Вице-премьерге осы және өзге де бағыттар бойынша өндірістің толық циклы таныстырылды.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (9)

Үкімет басшысының орынбасары отандық тауар өндірушілерді қолдау күн тәртібінен түспейтінін айтты.

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (8)

- Біз тауарлардың едәуір бөлігін шетелден сатып аламыз, ал импорт оларды автоматты түрде қымбаттатады. Сондықтан біздің бірінші кезектегі міндетіміз – өз өндірісімізді арттыру. Бұл бағытта мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялау мен кепілдік беру құралдары арқылы жоспарлы жұмыстар жалғаса береді, – деді Серік Жұманғарин.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

zhaikpress.kz

WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (7) WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.01.45 (10)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале