17.07.2023, 17:15
Оқылды: 26

Серпін бағдарламасына бөлінген мемлекеттік білім гранты жылда игерілмейді

2018 жылдан бері «Серпін» бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік білім гранты игерілмей келеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ақша

«Ерікті қоныс аудару бағдарламасына «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» бағдарламасының түлектері де қатысады. Алдағы оқу жылында жоғары оқу орындары базасында «Серпін» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға 3 653 грант қаралған. Алайда, 2018 жылдан бастап жоғары білім берудегі мемлекеттік гранттар толық көлемде игерілмей келеді. Мәселен, 2021 жылы 5 656 грант бөлініп, 2 102 адам немесе 37,2 пайыз қабылданды. Осыған орай, «Серпін» бағдарламасы бойынша квота көлемі 10 пайыздан 5 пайызға дейін қысқартылды», - дейді Үкімет басшысы жауабында.

Аталған бағдарламаны іске асыру тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында жас мамандар үшін одан әрі жағдай жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Сондай-ақ, мынадай іс-шаралар қабылданған:

1) бағдарламаға қатысушыларды оқу орындарында бейімдеу, жатақханамен, шәкіртақымен, тамақтанумен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету қызметі ұйымдастырылды;

2) бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу, бақылау және бағалау жүйесін автоматтандыру және цифрландыру үшін ақпараттық жүйенің жұмысы қамтамасыз етілді;

3) түлектерді жұмыспен қамту және оларға жәрдемдесу үшін жоғары оқу орындарының базаларында Мансап және кәсіптік даму орталықтары жұмыс жасайды.

«Сонымен қатар, квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастарының жұмыспен өтеу мерзімін үш жылдан екі жылға дейін қысқартып, барлық жұмыс күші тапшы өңірлерде жұмысты өтеу мүмкіндігін берді», - деген Премьер-Министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале