6.08.2021, 9:19
Оқылды: 126

Шабындықтарда шалғы үні бәсеңдемейді

Облыста алдағы 2021-2022 жылдың мал қыстағына кіруге жоспарланып отырған 924 мыңға жуық мал басына 1826 мың тонна азық қажет. Ауа райының қолайлығына байланысты 1,5 жылға есептелген қор бойынша 2739 мың тонна мөлшерінде шөп дайындау жоспарланып отыр. 3 тамыздағы мәліметке сәйкес, 2414,5 мың гектар шабындықтан  1044,4 мың тонна шөп дайындалды. Бұл жалпы қажеттіліктің 57,2%-ын құрайды. Бүгінгі таңда бір бума шөптің орташа бағасы  – 3,5-7 мың теңге. Жеке  шаруашылықтардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында облыста шөп шабу бригадалары құрылуда. Осы мақсаттағы 23 шөп шабу бригадасына 6300 гектар шабындық жер берілді. Соның ішінде Ақжайық ауданындағы 12 бригадаға, Қаратөбе ауданында құрылған осындай тоғыз бригадаға 600 гектар, Казталов, Сырым аудандарындағы шөп бригадаларына тиісінше 5000, 700 гектар шабындық жер бөлінді. Алдағы уақытта аталған бригадалар жеке қосалқы шаруашылықтар үшін арзандатылған бағамен жем-шөп сататын болады.

WhatsApp_Image_2019-08-01_at_15.03.13

Көршілес Атырау, Маңғыстау облыстарында орын алған құрғақшылыққа байланысты біздің облыс тарапынан оларға мал азығымен көмектесу шаралары  ұйымдастыруда. Нақтырақ айтсақ, биыл 15-16 шілдеде Атырау, 28-29 шілдеде Маңғыстау облыстарының делегациясы іссапармен облысымызға келді. Олар өңіріміздегі жем-шөп дайындайтын кәсіпорындар мен элеваторлардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ аймақаралық ынтымақтастықты дамыту және шаруашылықтарға қажетті жем-шөп қорын дайындау мақсатында меморандумдарға қол қойылды. Меморандум ауқымында жем-шөп тасымалдау шығындарын төмендету мақсатында Атырау облысының шаруашылықтарына шекаралас жатқан облысымыздың Ақжайық ауданының мемлекеттік жер қорынан 10 мың гектар шабындық жер берілді. Сонымен бірге Маңғыстау облысының шаруашылықтарына Қаратөбе ауданының мемлекеттік жер қорынан 30 мың гектар шабындыққа жер беру қарастырылуда. Мал азығынан қиыншылық көріп отырған Маңғыстау облысына өңіріміздің шаруашылықтарынан 50 тонна жем және 226,5 тонна шөп жіберіліп, 250,0 тонна шөп тасымалдайтын техника күтіліп, жіберілуге даяр тұр. Алдағы уақытта аталған облысқа қосымша тағы да 250 тонна шөп беріледі.

Күзгі-далалық жұмыстарға 11 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның бір литрі 166 теңгені құрап отыр. Шөп шабу науқаны барысында шаруа қожалықтарына қосымша 2,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Мал азығының қажетті мөлшері науқан аяғына дейін толық дайындалады деп жоспарлануда.

Алмат Есболов,

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

мал шаруашылығы бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале