3.04.2024, 9:00
Оқылды: 71

Шаған өзенінің гидробекетінде су деңгейі 1264 сантиметрге жеткен

Түндегі ақпарат бойынша мамандардың айтуынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кетті. Деркөл өзенінің гидробекетінде су деңгейі 708 сантиметр, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

InShot_20240403_083643760

Қауіпті деңгей 600-650 сантиметр. Ал Шаған өзенінің гидробекетінде су деңгейі 1264 сантиметрге жеткен.

Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 сантиметр.

InShot_20240403_083627579

Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты.

Жайық өзенінің көтерілуі және екі өзеннің тоғысуы судың ағыспен кетпей, сыртқа шығуына алып келді.

Осының салдарынан өзен сулары арнаға сыймай, Оралдағы Самал шағын ауданына жайыла бастады.

Қазіргі уақытта Самал шағын ауданының тұрғындары қауіпсіз жерлерге, эвакуациялық пункттерге көшіріліп жатыр.

Төтенше жағдайлар мен коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Самал шағын ауданына барып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

Фото видеодан кадр:

instagram

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале