20.06.2022, 13:15
Оқылды: 60

"Шағын ауылдарды интернетпен қамту әзірге мүмкін емес"

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қойылған журналист сұрағына облыс әкімі Ғали Есқалиев осылай жауап берді. 

WhatsApp Image 2022-06-20 at 08.31.11

Айнұр Төлеуғалиқызы, ТДК 42: - Ауылда интернет сапасын күшейту бағытында жобаларды жұзеге асыру қолға алына ма? Елді мекендердегі интернет қарқыны мен мобильды ұялы байланыс өте нашар. Осыған байланысты қандай жұмыстар жүргізілуде?

БҚО әкімі Ғали Есқалиев: - Өте орынды сұрақ, өйткені біздің облыста ауылдық елді мекендердің саны өте көп. 416 шағын ауыл бар. Біздің мақсатымыз - бірінші кезекте 100-ден астам халқы бар ауылдарға интернет және мобильдік байланыс өткізу. Былтыр біз тиісті жоспарды бекіттік, сол бойынша жұмыстанудамыз. Өткен жылы мобильдік операторлармен бірлесіп, 72 ауылдық елді мекенге интернет, мобильдік байланысты жеткіздік немесе сапасын арттырдық. Биыл кем дегенде 134 ауылдық елді мекенге интернет пен мобильдік байланыс жеткізу жоспарда тұр. Әрине, 50-30 адамнан тұратын өте шағын ауылдарымыз бар. Ол жерге интернет апару қазір мемлекеттік тұрғыдан да, бизнес, мобильдік операторлардың ережелері бойынша да мүмкін емес, өйткені тиімсіз. Бірақ 100-ден астам тұрғыны бар ауылдардың барлығына жеткіземіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале