9.09.2025, 13:12
Оқылды: 186

Шағын футболдан сайыс өтті

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде "Парасат" ҚБ ұйымдастыруымен "Жайық Арена" алаңында жамағат арасында шағын футболдан сайыс өткізілді. 

WhatsApp Image 2025-09-09 at 12.02.51 (4)

Шараның мақсаты діндарлар арасында ауызбіршілікті, қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, ортақ құндылықтарды қастерлеуге шақыру. Спорттық шараны Дін істері басқармасы мен "Парасат" қоғамдық бірлестігінің өкілдері ашып, облыстық шағын футбол федерациясының вице-президенті А.Камилов сайыс ережесін түсіндірді.

WhatsApp Image 2025-09-09 at 12.02.51 (3)

Сайысқа барлығы 12 команда, 100-ден астам адам қатысты. Олар: Шыңғырлау ауданы "Үммет", Бөрлі ауданы "Ақсай мешіті", Теректі ауданы "Әл-Фатиха", "Бөкей ордасы" ауданы командасы, Орал қаласынан "Кердері", "Орал", "Қара бала", "Деркөл жамағаты", "ММ ТЕАМ", "Легенда", "Асыл Үммет", "Парасат" командалары қатысты. Сайысқа арнайы төрешілер төрелік етті.

WhatsApp Image 2025-09-09 at 12.02.51 (2)

Ойын қорытындысында үшінші орынды "Қара бала" командасы, екінші орынды "Орал" командасы, бірінші орынды "Кердері" командасы иеленді. Одан бөлек "үздік қақпашы", "үздік шабуылшы" және "үздік ойыншы" номинациялары табыс етілді.

WhatsApp Image 2025-09-09 at 12.02.52 (3)

Барлық жеңімпаз командалар мен номинация иегерлері ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықпен марапатталды: 1-орын 50 мың теңге, 2-орын 30 мың теңге, 3-орын 20 мың теңге. Келесі ойыншылар үздік деп танылды: үздік ойыншы - Сеитов Марат (Орал), үздік шабуылшы - Сагидуллаев Ербол (Қара бала) және үздік қорғаушы - Қайыржанов Нұрлыбек (Шыңғырлау).

БҚО Дін істері басқармасынң баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале