Бүгін алғаш рет шағын жинақты мектептерде оқу процесін цифрландыру курстары басталды.
Бұл курсқа еліміздің БҚО, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 5000-нан астам педагог қатысып жатыр.
Цифрлық трансформация жағдайында оқу процесін тиімді басқару үшін ауылдық ШЖМ басшыларының басқарушылық құзыреттілігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысындағы Казталов, Теректі (екі курс), Бөрлі, Бөкейорда, Ақжайық, Бәйтерек, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Тасқала аудандарында курс өтіп жатыр.
Бұл курстар білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында ауылдық шағын жинақталған мектеп жетекшілерінің басқарушылық дағдыларын арттыруға бағытталған. Курстарда педагогтер цифрлық немесе аралас оқыту форматының стратегиялары мен әдістерін, синхронды және асинхронды коммуникацияны, саралау мен дараландыруды, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистерді пайдалана отырып, оқу сабақтарын жоспарлауды меңгереді.
Сонымен бірге курс тыңдаушылары цифрлық білім беру технологиялары негізінде интерактивті тапсырмалар мен сабақ үзінділерін дайындайды.
Жобаны барлық өңірге масштабтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
«Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру» 81 – тармағын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-қимылын іске асыру мақсатында «Өрлеу» «шағын жинақты мектептердің басшылары үшін» «шағын жинақты мектепті басқарудағы цифрлық шешімдер және «шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану» білім беру бағдарламаларын әзірледі.
- Бағдарламалар «Қазақстан халқына» қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Ақтөбе облысының әкімдігі іске асыратын «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы шеңберінде дайындалды.
Бұл жобадағы «Өрлеу» миссиясы - ауылдық және қалалық мектептердің мұғалімдері арасындағы IT-құзыреттіліктегі алшақтықты азайту, сол арқылы ауылдық жерлердегі оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру.
Шағын жинақты мектептердің әлеуеті зор, оны ашу – жобаға қатысатын барлық уәкілетті органдардың ортақ міндеті», – деді «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма Төрағасы Еламан Айбульдинов.
Биыл алты өңірдің шағын жинақты мектептерінің педагогтеріне арналған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады.
Толқын Габдушева,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ», PR, СММ бас маманы