1.03.2025, 18:05
Оқылды: 415

Шаһар әкімі кәсіпорын ұжымын Алғыс айту күнімен құттықтады

Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов «Жайық таза қала» ЖШС-ға барып, кәсіпорын ұжымын Алғыс айту күнімен құттықтады.  

88ad2a86-f2c8-4158-b4b7-b1376621921b

Биыл Алғыс айту күні Ораза айымен тұспа-тұс келді. Ораза ұстаған жандардың дұға-тілектері қабыл болсын. Сіздерге ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Қаланың тазалығын сақтауда, шаһар көшелерін күтіп-ұстауда уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрсіздер. Серіктестіктің құрылтайшысы Тұрарбек Тілемісов кәсіпорынға жаңа техникалар алып, жұмысты жандандыруға көңіл бөліп келеді. Шаһардың шырайын кіргізіп отырған әрқайсыңызға мол табыс тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! - деді Мұрат Болатұлы.

1740832020236

Бұдан соң қала әкімі кәсіпорынның бірнеше қызметкерін алғысхатпен марапаттады.

1740832020264

Олардың қатарында Қуандық Шаухаров, Дулат Тоққалиев, Серікбай Төлебаев, Досқали Кенжеғали және басқалар бар.

1740832020201

«Жайық таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиевтің айтуынша, қазір кәсіпорында 750адам жұмыс істейді және 230 техника бар. Ауа райы қолайсыз күндері коммуналдық мекемеқызметкерлері екі ауысымда жұмыс істейді.

1740832020272

Күн сайын күндізгі ауысымда 380-нен астам жұмысшы мен 250 техника, ал кеште 180-ге жуық маман  мен 180 техника көше тазалауға шығады.    

Айна Имашева

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале