Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті.
Орал қаласының аумағын күтіп ұстау мақсатында дәстүрлі экологиялық акцияға студент жастар қатысты. Шаһардағы ЖОО мен арнаулы оқу орындарының студенттері білекті түріп, белсенділік танытты.
Жалпықалалық сенбілік келесі 21 қазанға дейін жалғасады.
Сымбат Қыпшақбай,
Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы